Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Бізді қоршаған әлем, біздің іс-әрекетімізден қалыптасады.  

Анхель де Куатье

 

Құрметті оқытушылыр, студенттер, ата-аналар! 

            Сіздерге ИнЕУ колледжінің психологиялық қызметі өз мүмкіндіктерін ұсынады және сайттың тұрақты қонағы болады деп үміт артады! 

Психологиялық қызмет жұмысының  негізгі мақсаттары: 

  • Әрбір студенттің жеке тұлғалық дамуы үшін жағымды психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз ету;
  • Колледждің барлық білім беру үдерісіне қатысушыларға кешенді әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету

Жұмыс қорында көптеген төмендегідей жұмыс әдістері бар: тренингтер, семинарлар, әңгімелесулер, дәрістер, жеке және топтық психологиялық кеңес берулер.

Біздің сайтта сіздер психологқа сұрақтар қойып, білікті жауап ала аласыздар. Сұрақтарыңызды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. мекенжайы бойынша электронды поштаға жібере аласыздар.  

Сіздердің барлық сұрақтарыңызға педагог-психолог Смирнова Тамара Григорьевна жауап береді.

 

 

Смирнова

Тамара Григорьевна

 

Білімі: Инновациялық Еуразия университеті

Мамандығы: «Педагогика және психология», 2007ж.

 

Психологтың жұмыс тәртібі:

Дүйсенбі – жұма  - 9.00 -12:30.

Сенбі                   - 9.00 - 11:30.

Мекенжайы: Ломова к. 45, 2-корпус,  ИнЕУ Колледжі,  201 кабинет.

 

Сенім телефоны 

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. 

Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «11616» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

 

Психолог кеңесі 

Қыркүйек – жаңа оқу жылының басы. Кеше сен талапкер болсаң, бүгінгі күні колледж студентісің. Колледжге түскеніңмен, жаңа ортаға бейімделу, кешегі мектеп оқушысынан студентке айналу біршама қиындық туғызатыны белгілі. Сен үлкен өмірге қадам бастың. Колледжге түскендіктен, өзіңді студент деп тануыңа болады.

Сен мамандық таңдай отырып, көп нәрсеге қол жеткіздің. Бұл бүкіл өміріңнің бастамасы. Алдағы күнде жауапкершілігі мен өзіндік жүгі бар  керемет студенттік өмір күтіп тұрғаны аян. Колледждегі оқу үрдісі сен үйренген мектептегі оқудан басқаша болады. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Ал студенттің  мектеп оқушысынан гөрі жауапкершілігі үлкен. Оқытушылар сенімен ересек адамдай қарым-қатынас жасайды. Сондықтан бос уақытыңды қалай өткізесің, сабақты босатасың ба немесе сабаққа белсенді қатысып, өзіңді жақсы жағыңнан көрсетесің бе барлығы өзіңе байланысты.

Егер сабағыңды жақсы оқысаң, мақсатыңа жетесің ал еріншектік танытсаң қиындықтарға тап боласың. Өмірдегі таңдау студенттің өзін үлкен адамдарша ұстап, өз ісіне жауап беруі үшін беріледі. 

Колледждегі жағдай кешегі мектеп оқушыларына жақсы әсер етеді. Олар мүлдем басқа адамға айналады, белсенді, ашық, шығармашылықпен айналысатын студент болады. Бастысы – өзіңнің мүмкіншіліктеріңді  көрсетуден қорықпау керек.

Колледжде оқыған жылдары кездесетін бірінші қиыншылық - студенттің өз қалауымен емес, ата-анасының айтуымен мамандық таңдауы. Олардың оқу үлгерімі бойынша мәселелер туындап, сессия тапсырғанда қиыншылықтарға тап болады. Таңдап алған мамандығы ұнамайды. Мұнда есте сақтайтын ең басты нәрсе: сен қалаған оқу орныңда, таңдаған мамандығың бойынша оқуға еркің бар. Егер мамандығың ұнамаса, одан басқаға ауысуға болады. Сені не қызықтырса, соған барған дұрыс!

Келесі қиыншылық, сен бұрынғы оқу мекемесінде қандай жетістікке жетсең де, мұнда бәрін қайтадан бастайсың. Барлығына өзіңнің «керемет» екеніңді және жетістікке оңай қол жеткізетініңді дәлелдеуге тырыспа. Білім – жарыс емес, жетістік. Бастысы білім мекемесінің дәстүрімен және ережелерімен таныс. Мүмкін сен осы дәстүрге сай әрекес етесің немесе өзіңнің өмір сүру қалпың мен дағдыларыңды өзгертесің.

Ешкімді білмейтінің ештеңе етпейді. Бірінші семестрде хабарландыруларды қарап жүр, ештеңені босатып алма. Өзіңе қызықты болса спорт, өнермен байланысты іс-шараларға қатысудан қорықпа. Колледжімізде студенттердің қызығушылығына орай студенттік клубтар жұмыс істейді, оған қатыссаң көптеген достар табасың. Ең бастысы ұялма. Бірге өткізілген сабақтар біріктіреді және достасуға көмектеседі.     

Егер саған ыңғайсыз болса, уайымдама! Жаңа орында осындай жағдайлар үнемі болып тұрады. Бастысы айналада болып жатқандарды сол қалпында қабылда, жаңа достарды дұрыс таңдауға тырыс, себебі бірнеше жылдар бойы сол адамдармен қарым-қатынас жасайсың. Сонымен қатар бұрыс жолдан, жаман істен аулақ болуға тырыс. Егер оқуыңа орай өмір қалпыңды өзгертуге тура келсе, бұл сені қоршаған ортаңа ұқсауың керек деген сөз емес. Топта ерекшеленіп, өзіңнің жеке тұлғаңды сақтап қалудан қорықпа.      

Құрметті, колледж студенті саған қажетті барлық жағдайлар жасалған, сондықтан уайымсыз колледжге бейімделуіңе болады. 

 

1. Жымиып жүріңіз.

Жаңа ұжымда жиі жымиюға тырысыңыз. Сіз ұжымға жаңа келген күннен бастап, сіз туралы көзқарас қалыптасады. Егер сіз өзіңізді жайсыз ұстап, жақсы байланыс орнатуға тырыспасаңыз, ұжымда соған сай ой қалыптасады. Сіз туралы алғашқы қалыптасқан ойды өзгерту оңай емес.

2. Өзіңізді басқалардан жоғары ұстамаңыз.

Белгілі бір орынды өзгертудің өзіндік қиыншылықтары бар. Ұжымдағы бірінші күні адам өзін жайсыз сезінеді (егер ол ұялшақ болса), қарым-қатынас жасамай, өзімен өзі жүреді. Мұндай жағдайда кез келген ұжымға ену барлық адамдарға белгілі бір жайсыздық әкелетінін ескеріңіз. Сіздің осылай тұйық, ешкіммен араласпай жүруіңізді, қоршаған ортаңыз өзін жоғары ұстайды екен деп ойлауы мүмкін. Сондықтан бірінші күні адамдармен қарым-қатынас жасауға тырысып, көмек сұрап, жымиып жүріңіз. 

3. Ақ көңіл, ашық мінез танытыңыз.

Курстастар мен оқытушыларыңызға сыйластық танытыңыз.

4. Ұжым қандай болса, сол қалпында қабылдаңыз.

Адамдарды сол қалпында қабылдау өте қиын. Біз адамдардың өзімізге сай, өзіміз ойлағандай болғанын қалаймыз. Ал олар әр түрлі, әрбірінің өз тәжірибесі, әр қилы мәселелері бар. Адамдарға себепсіз ренжімеңіз, ашуланбаңыз және оны өзгеруге тырыспаңыз – бұл мүмкін емес. Шыдамдылық танытыңыз.

5. Еңбекқор болыңыз және жалқаулыққа бой алдырмаңыз.

Сіз ұжыммен жұмыс істейтін болғандықтан, олардың көзқарасы маңызды және жаңа байланыстарға жол ашуы мүмкін.

6. Басқаға көмектесуге дайын болыңыз.

Егер сіз курстасыңыздың мәселесі бар екенін білсеңіз, бос уақытыңыз болса, оған көмектесуді ұсыныңыз. Сіздің көмектескіңіз келгенін курстастарыңыз да оқытушылар да жақсы бағалайды.

7. Әділ болыңыз, өтірік айтпаңыз.

«Өтіріктің арты бір-ақ тұтам» деген сөз бар екенін естен шығармаңыз. Сондықтан қателігіңізді біліп қойып, жазалайды деп қорқып жүргенше,  уақытында айту керек. Қиын кездерде қулыққа бармаңыз және сырт айналып кетпеңіз.

8. Басқаларды әңгіме етпеңіз және кінәламаңыз.

9. Өз тобыңыздағы студенттермен тіл табысуға тырысыңыз.

Егер сіз топтағы студенттер  кіші топтарға бөлінетінін байқасаңыз, оларға қосылуға тырыспаңыз, барлығымен жаппай араласыңыз. Осы әрекетіңіз көптеген жайсыздықтардан сақтайды. Ұжымдағы адамдар өзгеруі мүмкін.

Табыс тілеймін!

 

1. Күн тәртібін құрастыр. Күн тәртібін ұстануға тырыс. Күннің соңында не істеліп, ненің істелмегеніне талдау жаса.
2. Ұйықтауға сағат 23-тен кешікпей жат. Сегіз сағаттық ұйқы өте қажет.
3. Өз тұрмысыңды дұрыс ұйымдастыр, оған аз уақыт жұмса.
4. Күніне үш рет тамақтан.
5. Күніне екі сағаттан кем емес уақытыңды таза ауада өткіз. Ол көңіл-күйіңді жақсартады.
6. Күні бойы дене шынықтырумен айналыс.
7. Денсаулығыңды шынықтыру арқылы қалыпты ұста.
8. Жеке гигиена сақта.
9. Психологиялық жайлылықты сақта. Ұрсыспа және кикілжіңге араласпа, ренжіме.
10. Студенттермен және оқытушылармен мейірімді бол.
11. Курстастарыңмен көп аралас. Өзара жағымды қарым-қатынас орнат.
12. Ұқыпты бол.
13. Колледжге жиналып жатқанда, пәндер бойынша қысқаша конспектіңді қайтала, таңертең есте сақтау қабілеті жақсы болады.
14. Сабақта жаңа материал мазмұнын түсінуге тырыс. Шолу, кесте түрінде конспектіле.
15. Үйде тапсырмаларды орындау барысында ауызша дайындалуға тырыс, тақырыпты түсініп оқы.
16.Оқу-әдістемелік құралдармен өз бетіңше жұмыс істеуге дағдылан.
Оқулықты тезис, құрылымдық кесте, шолу түрінде дұрыс конспектілеуге үйрен.
17. Өзіңді еркін ұстап, қысымды бәсеңдету дағдысын дамыт. Жаттығу әдістері: дем алу жаттығуы, таза ауада серуендеу, дене шынықтыру және спортпен айналысу, достарыңмен қырым-қатынас, кинофильмдер қарау және жайлы музыка тыңдау, пәтерді жинау, қызығушылықтар (тоқу, тігу, ойындар және т.б.).

 

«Отбасы – адам оқып білім алатын,

 мейірім шуағын шашатын орта»

В.А.Сухомлинский.

Отбасы – әрбір адамның өміріндегі ең қымбат, жаныңа жақын орта. Бұған өзінің мейірімділігімен, адал ниетімен жаныңа шуақ беретін  туған туыстарың, отбасындағы дәстүр енеді, оны біз ұрпақтан ұрпаққа қалдырамыз. Қазіргі жағдайда көптеген отбасы экономикалық мәселелерді шешумен айналысып, тәрбие мәселелеріне, баланың, әсіресе жасөспірімдердің жеке тұлғасының дамуына баса назар аудара бермейді.  

Ата-аналардың баланың жас және жеке бас ерекшелігіне байланысты дамуы туралы толық білімі болмай, өз бетінше  тәрбиелейді. Бұл тиімді нәтиже бермейді. Ал бала үшін отбасы – бұл негізгі танымы мен адамдарға деген көзқарасы қалыптасатын әлем. Отбасы мүшелерін туысқандық, сүйіспеншілік, ортақ мүдде  біріктіреді.

Отбасы кодексінде: «Ата-ана бірінші педагог болып табылады» делінген. Бұл шындығында солай. Отбасының тәрбиелік ықпалы үлкен, дегенмен үнемі тиімді болмайды. Отбасындағы психологиялық жағдай мен өзара қарым-қатынас, салт-дәстүр баланың болашақта тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Егер ата-ана отбасы салт-дәстүрінің қалыптасуына барынша көңіл бөлсе, онда бала үлкендер әлеміне  сенімді түрде қадам басады.

ИнЕУ колледжі Қоғамдық «Бес асыл» қорымен тиімді ынтымақтастық аясында «Жастар бастамаларының қоры» (Астана қ.) гранттық қолдауы негізінде және «Мен және отбасындағы менің орным» жобасын жүзеге асыру мақсатында жастардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіру, өзіне сенімділік, отбасы мен жанұядағы өзінің тәртібін қалыптастыру бойынша көптеген іс-шаралар өткізді.    

2014 жылғы 18-19 желтоқсанда ИнЕУ колледжінде педагог-психолог Смирнова Т.Г. келесі әдістерді қолдана отырып, психологиялық диагностика өткізді:

«Менің отбасымдағы эмоционалдық жағдай қандай?» тесті;

«Баланс дөңгелегі» тесті.

Тест нәтижесі бойынша көптеген отбасының эмоциялық жағдайы жағымды, жайлы, дегенмен отбасы дәстүрі, отбасы құндылықтары сақталмаған, тіпті отбасы мүшелерінің арасында өзара түсініспеушілік кездесетін отбасылары да бар. Мұндай отбасылар өз туыстарына қамқорлық көрсетсе, жанұясының эмоционалдық жағдайын жақсартып, жағымсыз әрекеттермен күресе алады.

Әкелік және аналық құрметті арттыру мақсатында, жастардың бойына баланы дүниеге әкелу және тәрбиелеудегі жауапкершілікті қалыптастыру,  жастардың отбасын құруға ынтасын қалыптастыру үшін 2015ж. екінші ақпанда педагог-психолог Смирнова Т.Г. 1 курс студенттеріне арналған «Менің отбасым, менің байлығым»  тренингін өткізді.

 Д- 114 тобының студенттері тренингке белсенді қатысып, әрбір тапсырманы қызығушылықпен орындады. 

Карточкамен жұмыс істеді, жақсы ой түйіндеді. «Отбасы» ұғымымен үндесетін сөздер бойынша мысал келтірді. «Отбасылық құндылықтар» ағашын өсірді.

Рөлдік «Менің отбасым» ойынын ойнады. Отбасын құрып, оның әрбір мүшесінің жауапкершілігін бөлді. 

Отбасы туралы қызықты презентация әзірледі.

«Отбасының суретін» құрастырды. Барлық жас отбасылар жақсы безендірілген отбасы суретін ұсынды. 

Тренинг жұмысы барысында жастар отбасы мәселелері туралы білім алды, отбасы мүшелерінің арасындағы келісімді қарым-қатынас жасау әдістерімен сонымен қатар отбасылық жағымды байланысты орнатудың негізгі тәсілдерімен танысты. Тренингке қатысқан балалардың айтуы бойынша іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ерекше ұнағаны «Менің отбасым» рөлдік ойыны. Студенттер «Дүкенге бару» ойынына да қызыға қатысты. «Отбасының дәстүрлерін нығайту бойынша идеялар жиынтығы» ойыны отбасылық дәстүрлерді есіне түсіріп, оны жаңа дәстүрлермен толықтырды, барысында студенттер отбасылық құндылықтардың басты ерекшелігін танып білді.

2015 жылғы 2 ақпанда ИнЕУ колледжінде тренинг өтті, оған әр түрлі мамандықтар бойынша отыз бес студент қатысты. Жобаның жетекшісі Аскарова Лязят Кажитаевна авторлық еңбектерін қолданды: «Отбасы», «Бешбармак» рөлдік ойындары көрсетілді, ойын барысында студенттер қазақ қоғамына тірек болған, туған халқың мен жеріңе сүйіспеншіліктің негізін қалыптастырған отбасылық құндылықтардың әлемін ашты. Отбасының әрбір мүшесінің орны және қазіргі отбасын құру стратегиясы талқыланды.  

Бүгінгі күні осындай семинарларды өткізудің өзектілігі көңілге қуаныш ұялатады, яғни көптеген адамдарды қатыстыруға және жас отбасылармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандардан кәсіптік қолдау табуға мүмкіндік бар. 

Суицид

Ескертпеде баяндалған барлық ақпарат тек саған, жасөспірімге, өсіп келе жатқан ұрпаққа арналады. Сонымен қатар, осы мәтінді ата-аналар, сенің досың, баласы бар кез келген адам да оқуы керек деп ойлаймыз.  

СУИЦИД ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Біз еске алуға қиын жағдайлар туралы айтпақпыз. Біз суицид немесе суицидтік әрекет жасау деген не екенін талқылауға тырысамыз, кез-келген уақытта болуы мүмкін қауіпті анықтауға талпынып көрмекпіз, сонымен қатар, егер осындай жағдай болса, қорықпау үшін не істеу керектігін, досымызға немесе жай танысымызға қалай көмектесуге болатынын, қиындықтан қалай шығу керектігін анықтауға тырысып көреміз. Суицид – бұл мәселенің шешімінен, жазадан, масқара болудан, кемсітуден, үмітсіздіктен, түңілуден, жоғалтудан, сыртқа итеруден, өзіне  деген құрметтің жоғалуынан, яғни өмір ұсынатын әр қилы істерден қашу болып табылады.  

СУИЦИД ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУІМІЗ КЕРЕК?

Суицид жыл сайын мыңдаған жас адамның өміріне қауіп төндіретін болғандықтан, әрбір жасөспірім «суицид деген не және онымен қалай күресуге болатынын білуі керек». Суицидпен күресу үшін бір ғана адам керек – ол өзің екенін есіңнен шығарма.

Суицид жасамақ болған досыңа көмек бермес бұрын, суицид және суицидент туралы негізгі ақпаратты білуің қажет. Ең бастысы суицид туралы шынайы ақпараттан гөрі, жылдам тарайтын жалған мәлімет туралы білуің маңызды.

№1 маңызды ақпарат.

Суицид — қазіргі жастар өлімінің негізгі себебі.

Суицид — он бес жастан бастап жиырма төрт жасқа дейінгі жастардың жанын алатын «№2 қанішер». «№1 қанішер» жазатайым оқиға, оның ішінде артық мөлшерде наша қабылдау, жол көлік оқиғалары, ғимарат пен көпірден құлау, өзін-өзі улау оқиғалары болып келеді.

Суицидологтардың пікірі бойынша, осы қайғылы оқиғалардың көбі шындығында жазатайым оқиғаларды жамылған суицид болған. Егер суицидолог дұрыс пайымдаса, жасөспірімдерді «өлтіруші» суицид болып табылады. Кейде өлімге әкелген оқиғада қайтыс болған адам өзінен кейін хат қалтырса ғана суицид болып есептеледі; дегенмен көпшілігінде өмірмен қоштасқысы келген адам өзінен кейін хат қалтырмайды. Кейде зорлықпен жасалған өлімнің өзіне-өзі қол салу оқиғасы екенін айту қиын, сондықтан «суицидке» ешқандай күдік тудырмаған оқиғалар ғана жатады.    

Зерттеу нәтижесі бойынша өзіне-өзі қол салу деген ой әрбір бесінші жасөспірімде кездеседі. Жыл сайын суицид жасарып жатыр, суицид туралы ойлап, өзіне–өзі қол салуға талпынатындар немесе осындай іске барғандар балалар болып отыр. Келесі он жылда он жастан он төрт жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы суицид барлығынан жылдам өседі.     

№2 маңызды ақпарат.

Шындығында суицид ескертусіз болмайды.

Өзіне-өзі қол салмақ болған көптеген жасөспірімдер өз істері туралы ескерту жасаған, айтқан сөзімен, істеген ісімен қиын жағдайға тап болғаны туралы және өлім туралы ойлайтынын білдірген. Өмірмен қоштасу туралы жоспарымен бөліспейтіндер көп емес. Достарының бірі барлығын біліп жүреді.

№3 маңызды ақпарат.

Суицидтің алдын алуға болады.

Егер жасөспірім өмірмен қоштасу туралы шешім қабылдаса, оған кедергі жасау мүмкін емес деген ой бар. Сонымен қатар егер жасөспірім өзіне-өзі қол салу ойын бірінші рет жүзеге асыра алмаса, оны қайта-қайта, өзінің ісіне қол жеткізгенше қайталай береді деп есептеледі. 

Шындығында жастар өзіне-өзі қол салуға бір рет қана барады. Оның көбінде бастапқы 24 сағаттан 72 сағатқа дейінгі аралықта қауіп туғызады. Егер де олардың жоспарына біреу кедергі жасап, көмек көрсетсе, содан кейін ешқашан өз өміріне қол салмайды.  

№4 маңызды ақпарат.

Суицид туралы әңгіме жасөспірімдерді суицид туралы ойға жетелемейді.

Жасөспірімдермен суицид туралы сөйлескенде, олар мұны байқап көруі мүмкін деген ой бар. Сен жастармен наша туралы сөйлесуге болмайтынын естіген шығарсың, себебі олар оны татып көруі мүмкін. Олармен секс туралы да сөйлесуге болмайды, себебі олар секспен айналысады. Осыған орай, кейбір ата-аналар, мұғалімдер, психологтар «суицид» сөзінен  қашады, себебі зорлықпен өлуді қамқорлығындағы адамдардың есіне түсіреміз деп қорқады.

Шындығында жасөспіріммен суицид туралы сөйлессең, оны өмірмен қоштасуға итермелемейсің. Керісінше, жасөспірімдер өзін толғандырған, маза бермейтін  ойларын ашық айтады.

Егер сенің танысыңның бірі өзіне қол салу туралы сөйлессе, онда ұзақ уақыт бойы сол туралы ойлап жүрген, онда сен өзіне-өзі қол салу туралы жаңа ештеңе айта алмайсың. Сонымен қатар, осындай «қауіпті» тақырыпты қолдауға дайын екенің оның ойын толық жеткізуіне мүмкіндік береді, әңгімелесуші адаммен бөліскен суицид туралы ой, суицидтің қауіпті екенін ұмыттырады.         

№5 маңызды ақпарат.

Суицид ұрпақтан-ұрпаққа, тұқыммен берілмейді.

Көзің анаңа, мұрныңның үстіндегі дақ әкеңе ұқсауы мүмкін; ал суицид туралы ой тұқым қуаламайды. Егер отбасы мүшелерінің бірі суицид жасаса, сен суицид қаупі жоғары жерде болғаның. Мысалы, ата-анасы көп темекі тартатын, арақ ішетін немесе наша қабылдайтын отбасын көз алдыңа елестетіп көр. Осындай отбасындағы балалар ата-анасынан жағымсыз қасиеттерді қабылдауы мүмкін.    

 Мұндай отбасында тәрбиеленген балалар барлығын қалыпты жағдай деп ойлауы мүмкін, ал ата-аналары жамандыққа үйретпейді ғой.  Олар басқа жағымды іс-әрекетті таңдауға да құқылы.

№ 6 маңызды ақпарат.

Суициденттер психикалық жағынан сау адамдар.

 Суицидтік іс-әрекетті қалыпты емес және сау адамның қылығына жатпайды деп түсінеді, көбі қателесіп суициденттердің «ақыл есі дұрыс емес» деп ойлайды. Суициденттерді психологиялық аурулармен шатастырады. Суициденттер өздеріне ғана емес, басқаларға да қауіпті деген көзқарас бар.

Иә, суициденттер өздерін қалыпты ұстамауы мүмкін, дегенмен олардың іс-әрекетіне қарап психологиялық ауруға жатқыза алмаймыз. Олардың істері мен ойлары, жағдайларына орай бұрыс болуы мүмкін. Сонымен қатар суициденттердің іс-әрекеті басқаларға қауіп тудырмайды. Олар абыржулы болуы мүмкін, бірақ олардың жағдайы өздеріне ғана бағытталған.    

Өзіне-өзі қол салуға әрекет еткен жасөспірімдер психикалық ауру емес және өзіне ғана қауіп тудыра алады. Олар көбінесе қысқа уақытта терең эмоционалдық қысымда болғанда өзін-өзі өлтіру туралы ойлайды.  

Сонымен қатар психикалық ауру адамдар өзіне-өзі жиі қол жұмсайды. Көңіл-күйлерінің бірден бұзылуы және өзін-өзі дұрыс ұстай алмауынан өміріне қауіп туады. Сенің достарың және таныстарың бұл санатқа жатпайды.

№7 маңызды ақпарат.

Суицид туралы айтқан адам, суицидке барады.

Өз өміріне қауіп жасаған он адамның жетеуі жоспарымен бөліскен. Сондықтан суицид туралы айтқан көптеген жасөспірімдер ойнап сөйлемейді. Бірақ біз оларға баса көңіл аудармаймыз. «Ол ойнап айтады», - дейміз немесе солай ойлаймыз. –«Ол өзін көрсеткісі келеді» немесе: «Мұны өзіне көңіл аудару үшін айтады!»

Досыңның өмірімен ойнама: ол өзіне-өзі қол жұмсау туралы айтса, онда ол ойнап айтып отырған жоқ, бұған көңіл бөлу керек.

№8 маңызды ақпарат.

Суицид — өзіне көңіл аудару тәсілі емес.

Көп жағдайда достары мен ата-аналар жасөспірімнің «Мен өмірмен қоштасқым келеді» деген сөзіне мән бермейді. Олар жасөспірім өзіне көңіл аудартқысы келеді немесе оған бір нәрсе керек деп ойлайды.

Дегенмен, сенің танысың өзін-өзі өлтіру туралы айтса, шындығында ол өзіне көңіл аудартқысы келеді. Егер сен шынайы дос болсаң, ол неге өзіне көңіл бөлгенді қалайтынын білуің керек. Сен оның не туралы айтқанына көңіл бөл, оның нені себеп қылғанын сөз етпе, егер сенің досың өзін-өзі өлтіру туралы айтса, мүмкін шынында да оның өмірінде  қиындық болған шығар. Сонда ғана ол осындай қадамға барады.

  Егер ол өзін аясын деп ойласа, барлығының көңіл аударғанын қаласа, мұндай қалыпты емес әрекет оның бір қиындыққа тап болғанын дәлелдейді. Оның өмірінде шындығында бір нәрсе болған. Дұрысы оның сөздеріне көңіл аудару керек.  

№ 9 маңызды ақпарат.

Суицидтік жасөспірімдер олардың мәселелері маңызды деп ойлайды.

Әр түрлі адамдар бір жағдайға немесе бір мәселеге әр түрлі қарайды. Біріне жай ғана іс болып көрінсе, екіншісіне үлкен мәселе болып көрінеді. 

Балалар мен үлкен адамдар өмірге әр түрлі қарайды. Сен қорқып қараған іске олар жай ғана көңіл бөлуі мүмкін немесе керісінше. Мысалы, сен жақын досыңмен ренжісіп қалғаныңнан көңілің түссе, ал ата-анаң: «Сонда не болды? Сенде онсыз да достарың көп»,- деуі мүмкін.

Өмірге балалар мен ата-аналар ғана әр түрлі қарамайды. Тіпті ең жақын достардың да көзқарасы әр түрлі болады: саған ұнаған, досыңа ұнамауы, ал басқаға жақсы болуы мүмкін.

№10 маңызды ақпарат.

Суицид — бір ғана жайсыздықтың емес, көптеген жайсыздықтың нәтижесі.

Сен: «Шыдамымның соңғы шегі» дегенді естіген шығарсың. Суицидке апаратын себептер шыдамдыққа қосылған тамшылар сияқты. Осылай әрбір іске шыдамдылық таныта берсе, бір күні ол шыдамның да шегіне жетеді.

Әдетте адамдар бір жайсыздыққа бола өзіне-өзі қол жұмсамайды. Көбінесе олар бір ғана себеппен өмірмен қоштаспайды, ондай себептер көп болып кетсе ғана сондай іс-әрекетке барады.

№11 маңызды ақпарат.

Әрбір адам өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін.

Суицидті белгілі бір жасөспірімдер ғана жасаса, оның алдын алу жеңіл болар еді.  

Өкінішке орай, «суицидтік жасөспірімнің» типін анықтау мүмкін емес.

Бай отбасынан шыққан жасөспірімдер де, нашар отбасынан шыққан жасөспірімдер сияқты суицитке бейім. Суицидке жаман оқитын, ешкіммен араласпайтын  жасөспірімдер ғана емес, үйде де, мектепте де ешқандай мәселесі жоқ адамдар да баруы мүмкін. 

Алғашқы көзқарас бойынша ақшасы, достары, сүйікті ісі бар адамдар суицидке бармайды деп ойлайды, дегенмен мұның барлығы суицидке баруға кепіл бола алмайды.

Ең бастысы достарыңның айтқандары мен әрекеттері, ал оның ақшасы, алаңсыз өмір сүріп жатқаны және бақытты екендігі емес.

№ 12 маңызды ақпарат.

Суицидент қаншалықты ол туралы ойласа, тәуекел де соншалықты болмақ.

Өзін өлтіру деген ойдан арылып келе жатқан жасөспірімнің әрекеті көбінесе кенеттен болуы мүмкін. Көптеген жастар өмірінде бір рет қана өзін өлтіру әрекетіне барады; ал екінші рет әрекет еткісі келетіндерге ең қауіпті кезең бірінші әрекеттен кейінгі – 80-100 күн.  

Өмірмен қоштасқысы келетін бірінші әрекеттен кейін жасөспірімдер үнемі өзін қоршаған ортаның қамқорлығын сезінеді. Достары, ата-аналары, мұғалімдері оған барынша көңіл бөледі, сондықтан ол барлығы мені жақсы көреді деп ойлайды.

 Дегенмен ерте ме, кеш пе үш айдан кейін өмір бұрынғы ағысына қайтып келеді.

Достары, ата-анасы, мұғалімдері суицид жасаған адамға барынша көңіл бөледі, бірақ бір уақытта олардың маңызды істері пайда болады. Жасөспірімнің көңіл-күйі де жақсарды, сондықтан барлық жамандық артта қалды деп ойлайды.

 Дегенмен, суицидтік әрекет жасаған жасөспірімнің қалыпты жағдайға келуі баяу жүреді. Суицидке итермелеген қорқыныш пен жайсыздық толық ойынан кеткен жоқ, кейде ойына түсуі де мүмкін. Сондықтан бұл кезең өте қауіпті, жасөспірімге баса көңіл бөлген адамдар өз істерімен айналысып кетсе, ол өзінен теріс айналды деп ойлап, қоршаған ортасының көңілін өзіне аудару үшін тағы да суицидке баруы мүмкін. 

Өзінің суицид жасау туралы ойынан арылу үшін жасөспірімге үш ай қажет. Осы уақыт аралығында жағдай жақсы жағына өзгермегені белгілі болады: сүйікті қызы оған қайтып келген жоқ, бағалары жақсарған жоқ, наша мен алкогольге ынтасы бұрынғыдай күшті. Осы кезде бұл жағдайдан шығар жалғыз жол – өмірмен қоштасуға тағы да бір рет әрекет жасап көру туралы болады. Олар екінші рет суицидтік әрекет туралы жоспар құра бастайды. 

Осы кезде оның достары бақылап жүруі керек. Сен досың бірінші әрекеттен кейін ойланып, қалпына келе бастады деуің мүмкін, ал ол екінші рет суицид жасауды жоспарлап оны жүзеге асыруға кірісіп кетеді. Ол осы кезде көңілді жүреді, себебі «Ештеңе етпес, быраз уақыттан соң бәрі бітеді»,- деп ойлайды.  

№ 13 ең  маңызды ақпарат – досы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуы мүмкін!

Қамқор, жақсы көретін досынан көп нәрсені күтуге болады. Ол суициденттің өмірін құтқаруы мүмкін.

Ал енді көзіңе елестетіп көр, сенің достарыңның бірі өзінің құпиясымен бөлісті, мәселен, өз өмірімен қоштасқысы келетінін айтты. Егер ол саған сенбесе, құпиясын да айтпас еді. Досыңның өз ойын айтқаны, мүмкін оның өлгісі келмейтіні шығар. Оның саған ғана айтқан себебі, оны тек сен ғана түсінетініне сенетіндіктен болар.

 

 

 


« Қараша 2021 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қазір 2211 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211