Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Талапкерлерді кешендік тестілеу- ақпараттық технологияларды қолданумен бірнеше оқу пәндерінен өткізілетін емтихан түрі.

Талапкерлерді кешендік тестілеу (ТКТ) келесі түлектер үшін өткізіледі:

  • Орта жалпы білім беру ұйымдарының өткен жылдардың түлектері;
  • Бастауыш және орта кәсіби оқу мекемелерінің (техникалық, кәсіби, ортадан кейін) түлектері;
  • Жалпы білім беру мектебінің, шетелде оқушылармен халықаралық алмасу бойынша оқыған, БҰТ қатыспаған түлектер;
  • Республикалық музыкалды мектеп-интернаттарының түлектері;
  • Шетелде оқу мекемелерін бітірген азаматтар.

Кешендік тестілеуге қатысу үшін өтініштерді 20 маусымнан 9 шілдеге дейін, шығармашылық мамандықтарға 20 маусымнан 1 шілдеге дейін жоғары оқу мекемелерінің қабылдау комиссиялары қабылдайды.

Талапкерлерді кешендік тестілеу төрт пәннен өткізіледі:

  • Қазақ немесе орыс тілдерінен (оқу тілі),
  • Қазақстан тарихы,
  • математика
  • таңдауы бойынша пән (география, физика, биология, химия, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі).

Кешендік тестілеу 37 негізгі ЖОО-нда шілденің 17-сінен 23-іне дейін өткізіледі.

Әр пәннен тест тапсырмаларынын саны - 25. Әр тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. 

Шығармашылық мамандыққа оқуға түсуші азаматтар үшін кешендік тестілеудің екі пәнінен (қазақ немесе орыс тілдері, Қазақстан тарихы) баллдар саналады.   

Кешендік тестілеуге 2 сағат 30 минут беріледі. Қайта тестілеуге рұқсат берілмейді.

Кешендік тестілеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш,
  • аттестат немесе бастауыш кәсіби (техникалықжәне кәсіби) немесе орта кәсіби (ортадан кейінгі) оқу мекемесін бітіру туралы диплом (түпнұсқасы),
  • тестілеуді өткізу үшін төлемақыны төлеу туралы түбіртек,
  • 3x4 мөлшердегі екі фото,  
  • 086-У нысандағы медициналық анықтама,
  • Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі. 


« Қараша 2021 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қазір 3444 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211