Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Жаңалықтар

 

2012 жылдың 9-10 қарашасында Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде ата-аналарды жаппай оқыту аясында «Жасөспірім және заң» тақырыбында дәріс оқылды.Жиналыста өз баяндамасын колледж директоры Қаржасов Қабдылқамыт Насырұлы оқыды. Екібастұз қаласы ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің учаскелік инспекторы Сыздыков А.Б. жасөспірімдерді құқықбұзушылық пен қылмысқа апаратын аспектілерге жете тоқталды. Екібастұз қаласы прокуратурасының прокурор көмекшісі Мусин Д.С. отбасы саясаты туралы мәселеге тоқталды. Колледж директорының ТІЖО Кишомарова Д.Е. ата-аналарды «Колледждің ішкі тәртібімен» таныстырды. Жиналыс қорытындысы бойынша тиімді шешімдер қабылданды.

 

2012 жылдың 14 қарашасында

шылым шегуге қарсы декадасы аясында СӨСҚ орталығының педагог-валеологы Қалыбаева Жанар Өміржанқызы 1және 3курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Дәріс тақырыбы: «Темекі шегуді алдын алу» (фильм көрінісімен бірге) АҚТБ-ны алдын алу айлығының аясында АҚТБ орталығы маманы Смагулова Жұмагүл Жұмабайқызымен БД-311, ЭСиП-112, ДВ-112 топ студенттерінің кездесу ұйымдастырылды.

Қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу мақсатында студенттер қатарынан полицияға атсалысу қатары құрылды.

   

 

ИнЕУЕК атынан:
Ахметова Акмарал, Гучигова Виктория, Еленова Диана, ЖамиеваТолганай;
Касенова Татьяна, Рустамова Лейла, Хабарова Дарья;
2012 жылдың 23 қараша күні Екібастұз қаласы ІІБ бастығы Д.Ш.Сиразидимов бұл оқушыларға полицияның қоғамдық көмекшісі куәліктерін табыстады. 

 

Темекіге қарсы Бүкіләлемдік күн аясында 2012 жылдың 15 қарашасында Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде түрлі шаралар өткізілді: шылым шегуге қарсы студенттер арасындағы семинар-практикумы, бұл шараны НО-112 топ оқушысы Аужанова Айгерім мен Ф-122 топ оқушысы Дюсенов Даниял жүргізді, сонымен қатар олар шылымды қалай тастау қажеттігі жайында шамалы кеңестер берді;
- «Шылымды кәмпитке ауыстыр!» атты акциясында біздің студенттер қызығушылық таныта білді;
- «Темекіні таста, еркін демал!» атты қабырға газеттері сайысы өткізілді;
- «СӨС» орталығының маманы Қалыбаева Жаннат Өміржанқызының «Шылым шегу салдары» тақырыбында дәрісі тыңдалып, оқушылар шылым шегудің салдары жайында түрлі видеокөріністер тамашалады. Біз шылым шегуге қарсы өткізілген шараға студенттеріміздің белсенділік танытқандарына қуанышымызды білдіреміз. Студенттер кеңесі.
Топ жетекшілерінің ЦӘК төрайымы Капанова Г.К.


«АҚТБ-ға қарсы бүкіләлемдік күн» аясында 2012 жылдың 24 қарашасында «Сіз АҚТБ туралы білесіз бе?» тақырыбында сауалнама өткізіліп, НО-122 және ЭСиП-112 топтарының арасында пікірсайыс ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар: студеттер кеңесінің мүшелері: НО-112 топ оқушысы Аужанова Айгерім мен Ф-122 топ оқушысы Дюсенов Даниял.

 

2012 жылдың 30 қарашасында Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде Тұңғыш Президент күні өткізілді. Осы күнге орай, әр топта сынып сағаттары жүргізілді. НО – 112, Ф – 122, НО – 122, ЭСИП – 112 және ОСО – 311 топ оқушылары үшін Н.Ә.Назарбаев туралы видеофильм көрінісі арқылы дәріс өтті. Ұйымдастырушылар: студеттер кеңесінің мүшелері: НО-112 топ оқушысы Аужанова Айгерім мен Ф-122 топ оқушысы Дюсенов Даниял. Студенттер Қазақстан және оның көшбасшысы туралы көп ақпараттан хабардар болды. Біздің елдің Президенті заманымыздың алып адамы екеніне разымыз!!!

 

«Қорлыққа жол жоқ!!!» Республикалық акциясының аясында .

 

2012 жылдың 5 желтоқсанында НО-112 және ДВ-112 топ оқушылары «Мұсылман әйелдер қауымдастығының мүшесі» Байгузина Жаныл Жағынарқызымен кездесу өткізді.

 
 

НО-122 тобында 2012 жылдың 5 желтоқсанында «People’sappearance» атты тақырыпта заманауи технологияларды қолдану арқылы ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында комьютерлік технологиялар мен дифференцияллданған оқыту, т.б. қолданылды.

 

 «Экономикалық информатика» пәнінен «web-парақтармен жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өтті. «Фреймдерді құру» ИнЕУЕК-де 2012 жылдың 16 қарашасында өткізілді. Сабақтың қызықты өзегі «Шылымның зияны туралы» СӨС насихаттау болып табылды. Сабақты Ф-221 тобында Г.А.Барлыбаева жүргізді.
Техника-энергетикалық пәндер ЦӘК апталығы.

8 қаңтар күні ВТиПО-429 топ оқушылары «Анимациялық әсерлермен құттықтау хаттарын жасау» бойынша оқытушыларға мастер-класс ұйымдастырды.
Шараға жауапты оқытушы: Комисаренко Л.Г.
Шараны даярлаған: Гордиенко Владимир мен Володин Владислав тақтада құру технологиясын түсіндірсе, қалған оқушылар түсінбегендерге көрсету арқылы жәрдемдесті. Мастер-класс өте қызықты жағдайда өтті. Барлық оқытушылар тапсырмаларды орындап, құттықтау хаттарын жасап үлгерді.


« Қыркүйек 2021 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қазір 466 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211