Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Жаңалықтар

Жас ақындар мүшәйрасы өз мәресіне жетті

2012 жылдың 25қыркүйегінде Павлодар облысының 75 жылдығы қарсаңында өткізілген «Жырлаймын сені, туған өлкем!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы мәреге жетті. Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы облыс әкімдігіне қарасты «Павлодартелерадио» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұйымдастырған жыр бәйгесіне облыс аудандарынан және қаладағы мектептерден, оқу орындарынан 16-25 жас аралығындағы 26 талапкер қатысты. Мүшәйраның мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау болды. Осы мүшәйраға Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінен қатынасқан жас ақын 2 курс студенті Нұртай Аймырзаның мерейі үстем болды. Мүшәйраның қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Өз тарапымыздан жас ақынымызға шығармашылық шабыт тілейміз.

     №4 КЛ-де 2012 жылдың 21 қараша күні « Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» арналған КЛ және колледж оқушылары арасында үздік топ сайысы өткізілді. Сайысқа №4 КЛ, №18 КЛ, ЕПК, ИнЕУЕК, ЕИТИ, ЕЗК қатысты.


          Жастар ортасында саяси мәдениетті арттыру бойынша колледж студенттері арасында «Мен –тәуелсіз мемлекеттің азаматымын» тақырыбы аясында Павлодар облысы колледждерінің студенттері арасында «Әлеуметтік- волонтерлік орталық» жастар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі қолдауымен эссе байқауы ұйымдастырылды.

Энергетиктердің 5 облыстық олимпиадасы

         24.01.2013 С. Торайғыров атындағы ПМУ колледжінде арнайы орта оқу орны оқушыларының арасында «Энергетиктердің 5 облыстық олимпиадасының» қорытынды кезеңі өткізілді.

2013 жылдың 1 ақпан күні ИнЕУЕК базасында философия, саясаттану, құқық негіздері пәндерінен қалалық олимпиада өткізілді.

       2013 жылдың 13 ақпан күні Екібастұз медициналық колледжінде қалалықлингвистикалық олимпиадаөткізілді. Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінен 6 оқушы қатысып, үшеуі жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты.

ЕКИТИ колледжінде 28 ақпан күні Екібастұз колледж оқушылары арасында «Есептеуіш техникасы мамандығыныңең үздігі» байқауы өткізілді. Бұл байқау қалада екінші жыл өткізіліп, оған келесі колледж топтары қатысты: ИнЕУЕК, ЕКИТИ, ЕПК,  ЕМК, ЕГТК. Барлық топтар соңғы қорытынды нәтижесі шыққанша дейін белсенділік танытып, бас жүлдені алуға тырмысты.

 Ең үздік педагог-тәрбиеші

      Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде технологиялық тәжірибенің алғашқы кезеңінен өткен гуманитарлық-педагогикалық бөлімнің 2-3 курс студенттері арасында «Ең үздік педагог-тәрбиеші» байқауы өткізілді.

Инновациялық Еуразия Университетінің Екібастұз колледжінде өткен бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын ұстаздар мен шәкірттерге жаңа табыстарға жетелейтін зор жігер берді. 

Инновация колледжi 13 сала бойынша қазiргi заман талабына сай мамандықтар дайындайды. Бiлiмдi ұрпак пен бiлiктi маманды қажет ететiн тәуелсiз, жас, егемен елiмiздiң iргесi нық калануы үшiн осы колледжде бiлiктi мамандар қызмет етуде. Бiздiң колледж оқушыларының ұраны, Әркашан да ойларында алға ұмтылу қырағы Жолға қойған мақсатымыз- биiк өрлеп жарқырау білім іздеп, ғылым іздеп биіктерге шарқырау.


« Қыркүйек 2021 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211