Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Жаңалықтар

   «Нұр Отан» партиясының 20-жылдығын мерекелеу аясында қалалық филиалда ардагерлермен және партия құрдастарымен кездесу өтті. Алалмыш іс-шараға «ИнЕУ Екібастұз колледжінің» студенттері қатысты.

  Ақпан айының 11 күні Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде «Атамұра» мәдениет орталығы ұйымдастырған  қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Қош махаббат» атты әдеби жыр кешін ұйымдастырды.

  15 ақпан күні "ИнЕУ Екібастұз колледжінде" Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күніне арналған «Жарияланбаған соғыс батырлары» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға студенттер белсенді қатысты. Колледж студенттері гитарамен ән шырқап, өз шығармаларын оқыды.

   2019 жылғы 18-22 ақпан аралығында  «Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде»  дәстүрлі ашық есік күні өтті. 720 мектеп түлектері өз болашақ өмірін анықтауға және дұрыс мамандық таңдау үшін колледжімізге келді. Мамандық бойынша ақпаратты колледж студенттері ұсынды.

 

  "Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде" 2019 жылдың 20 ақпанында физика пәнінің оқытушысы Кишомарова Дина Екпиндиновнаның педагогикалық тәжірибесін жалпылау бойынша іс-шара өтті. Іс-шараға Екібастұз қаласы колледждерінің физика пәнінің оқытушылары, әкімшілік, техника-энергетикалық циклдық-әдістемелік комиссия мүшелері мен колледжіміздің жас мамандары қатысты.

  "Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде" 2019 жылдың 11 ақпанында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамыздың 88 жылдығына арналған «Қош, махаббат! » атты ән-жыр кеші өтті. Әдеби кеш қаламыздың «Атамұра» мәдениет орталығының өнерпаздарымен бірлесе өткізілген болатын.

  «Балалық шақта өткені,
кішкентай кезінде баланы кім қолға алғаны,
қоршаған әлемнен оның ақыл-ойы мен жүрегі не ұялады-
бүгінгі сәби қандай адам болатыны бұл шешуші дәрежеге
байланысты» .
В. А. Сухомлинский.

 

2019 жылдың 31 қаңтарында Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен қаламыздың «Достық үйінде» Екібастұз колледждерінің студенттері мен оқытушылары арасында «Тіл шебері» атты тіл білгірлер сайысы өткізілді. Бұл сайысқа біздің колледжіміздің студенттері Кабдуллинова Адель (ИЯ-227) және Мұратова Дариға (ИЯ-425) қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды: презентация (орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде), Қазақстан тарихын білу (қазақ тілінде), өнертаным - орыс және ағылшын тілдерінде өлең немесе шығарма үзінділерін оқу.

    2018 жылдың 21 желтоқсанында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің оқытушылары Шариғат Айгерім мен Торемуратова Жанар Бокенбаевнаны «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауына қатысып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға зор үлес қосқаны, сондай-ақ республикадағы педагогикалық инновацияларды насихаттауға елеулі әсерін тигізгені  үшін Алғыс хатпен марапаттады.

    ИнЕУ Екібастұз колледжінде студенттердің бос уақытын қамту,студенттер арасында жас таланттарды анықтау және жас таланттарға дұрыс бағыт беру мақсатында«Қаламгер» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жұмысының нәтижесі ретінде 2018 жылдың 7қарашасы күні Елбасының жолдауына орай «Рухани жаңғыру-табысты ел болу шарты» атты колледждегі жас ақындар айтысы өткізілді.«Қаламгер» үйірмесінің жетекшісі, айтыс ұйымдастырушысыколледждің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Абдраимова Айжан Ғалымжанқызы.


« Қыркүйек 2021 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211