Талапкерге 

Студентке 

Түлекке 

Жаңалықтар

25.10.2019 ж. халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

        Он бірінші рет ақынның атын иеленген Павлодар мемлекеттік университетінің қабырғасында дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Осы конференцияға Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысып, Кабдуллинова Аделя,  Магашова Жулдыз,  Бабич Анастасия  және  Камалова Мунажат сертификаттармен марапатталды.  Сонымен қатар колледж оқытушылары  Г. П. Чекурда және Л. Б. Рашиеваның ғылыми мақалалары "ПМУ хабаршысы" журналында басылу үшін қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         2019 жылы 18 қазанда халықаралық фестивалі өтті

          "Рухани жанғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 18 қазанда Екібастұз ауданы, Cолнечный  кентінде №28 орта мектепте  ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Педагогикалық идеялардың халықаралық трибунасы: Абайдың гуманистік ойлары  Қазақстандық білім берудің негізі ретінде" атты халықаралық фестивалі өтті. Фестивальдің ұйымдастырушылары: Инновациялық Еуразия университетінің Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты, Екібастұз қаласының қалалық білім бөлімі, ҚР Кіші Ғылым академиясы (Нұр-сұлтан қ.), Ховда мемлекеттік университеті (Моңғолия, Баян өлгий округі), Халықаралық Түркі академиясы (Түркия), Анкара университеті (Түркия) және моңғол мемлекеттік университеті (Моңғолия, Ұлан-Батыр).

  

 

Конференция 2019 Астанада

 

        Жыл сайын Инновациялық Еуразия университеті Екібастұз колледжінің студенттері "Қазақстан-Ресей: шекарасыз ғылым" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады.

          2019 жылдың 28 қыркүйегінде біздің студенттер Кабдуллинова Аделя, Камалова Мүнажат, Магашова Жұлдыз Нұр-сұлтан қаласында "Ағылшын тілі мен әдебиеті", "Қазақ әдебиеті", "Өлкетану"секциялары бойынша ғылыми жұмыстарын қорғады. Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар 1-жүлделі орынға ие болды, ал Кабдуллинова Аделя мен Камалова Мүнажат "Ұлы дала ұрпақтары" медаліменмен марапатталды.  Ғылыми жетекшілері: Шадрина Ж.Ю., Кылышпекова К.Т., Абдраимова А.Г.

  Екібастұзда Естай Беркімбайұлы атындағы музыка мектебінде   ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Арман Қанидың шығармашылығына арналған «Өлең қалсын ақын Арман Қанидан» атты әдеби кеш өтті. Бұл кешке Екібастұз қаласының әкімі мен зиялы азаматтары, ақындары мен өнер жолында жүрген аға-апаларымыз қатысты.

  2019 жылдың 25 сәуірінде Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жанындағы Дінаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Деструктивті діни ағымдардың негізгі принциптері мен әдістері» тақырыбында студенттік конференция өткізді.

  2019 жылдың 19 сәуірінде 2 курс  «ВТиПО-227» тобының студенті  Шахметов Елтай   информатика және ақпараттық технологиялар бойынша зерттеу, жобалау, өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстардың республикалық байқауына қатысты.

   С Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушыларға арналған «ХІХ Сатпаев оқулары» Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

          Угрюмов Дмитрийді құттықтаймыз!  4 курс,   НО-425 тобының студенті  2019 жылдың 14 наурызы күні  Шымкент қаласында «Жаратылыстану – математика ғылымдарындағы ІТ – технологиялар  мен робот техникасының заманауи ғылыми әлемі»   атты мектеп оқушыларына, студенттерге  және жас зерттеушілерге арналған І ашық Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында   өз жобасын қорғап, гран-при ұтып алып, «Ең үздік жас ғалым»  атанды.  Ғылыми жетекшісі Чекурда Галина Петровна. Біз сені мақтан тұтамыз!

 

  Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу және ескерту мақсатында 25 ақпан мен 5 наурыз аралығында «Контрацепция әдістері. Ерте жүктілікті алдын алу» тақырыбында колледж студенттері үшін Екібастұз қаласының №3 емханасының бас мамандары  Усенова Т. Б мен Магзиева К. К.дәріс оқыды.


« Қыркүйек 2021 »
Ду Сей Сә Бе Жұ Сен Же
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қазір 575 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

 

 





 

 
 



Яндекс.Метрика
 


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Министерство образования и науки Республики Казахстан Сайт акимата Павлодарской области Государственный партал Управления образования Павлодарской области Послание Президента РК Н.Назарбаева. СТРАТЕГИЯ «Казахстан-2050» Государственные символы
 
© 2017 ИнЕУЕК. Барлық құқықтары қорғалған.

141200, Қазақстан Республикасы, Екібастұз.к, Мәшһүр Жүсіп.көш, 23, +7(7187) 75-44-74, email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

#fc3424 #5835a1 #1975f2 #2fc86b #feduc9 #eef11045 #140114115211